АймақТеміртау

Апталық нәтижелі аяқталды

«Таза Қазақстан» республикалық акциясының екінші аптасы Теміртау қаласында да «Киелі мекен» айдарымен өтіп, нәтижелі аяқталды.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Яғни мұнда 15-20 сәуір аралығында өткен сенбіліктерге 1500 адам,соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметшілер, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері, тұрғындар мен жастар белсене қатысып, қала аумағының 15 гектардан астам жерін жинастырып, тазалады.

Бұл жұмыстарға 29 жүк тиеу және тасымалдау техникалары жұмылдырылып, 1300 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар сыртқа шығарылған.

Апталық қорытындысында қала әкімі Ораз Тәуірбеков оған қатысушылардың баршасына алғыс айтты.

Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button