Аймақ

Қаптаған киік, тапталған егін

Жылда осы мәселеге тап боламыз. Алайда, біздің жанымызды түсініп, жанайқайымызға құлақ түріп жатқан ешкім жоқ, өкінішке орай. Менің егіс алқабым ең шеткі. Киіктер менің жерімді таптап барып өтеді.

 

Биыл 26 мың гектар егін ектік. Қаптаған киіктің таптауынан 1500 гектар егінім жарамсыз болып қалды. Киік егіс алқабының бір шетінде ғана емес, әр шетінде жүреді. Таптағаныңыз былай тұрсын, жерді тұяғымен тырмалап кетеді.

Жабайы аңнан жерді қорып жүрміз. 40 шақырымға қоршау қойдым. Мұнымнан ештеңе шықпады, басқа бұрыштан келіп, кіреді.

Киіктерді қанша қуаласақ та болар емес. Пісіп тұрған бидайдың дəмін татқан жабайы жануар үйірлері біресе ана бастан, біресе мына бастан кіріп кетеді. Шыны керек, бірнеше шақырым егіс алқаптарын қорып отыруға шамамыз жоқ. Биыл киік саны былтырғыдан көп əрі олар адамдардан қорықпайды. Үркітіп жібергенімізбен, 100 метр жерге дейін барып, адамдарға қарап тұрады. Үкімет қандай да бір шара қабылдамаса, киік бізді банкрот қылуға шақ қалды.

Түз жануарлары алқапта өте көп. Бізге айтылып жүрген есебі жай сан. Мыңдап жүреді бір табыны. Жалғыз адамның қолынан ештеңе келмейді, көршілерс шаруа қожалықтары бірігіп, арнайы чат ашып, өзіміз күзеттік. Егістікке киік кірсе, қай жерде жүргенін, қайда бет алып бара жатқанын фотоға, видеоға түсіріп, чатқа салып отырдық. Күндіз-түні киік қуумен болдық. Əкімдікке де, «Охотзоопромға» да хабарластық. Енді ол кісілер күнде шапқылай бермейді.

Біздің шығынға батқанымызды, бұл шыр-пырымызды бәрі естіп отыр. Алайда, қозғалыс жоқ. Осыдан келе астық қымбаттайды. Ал ол кімге ұнайды?

Сейітжаппар Нығметов,

«Қайнар» ЖШС директоры

Нұра ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button