Аппаз ауылы мектеп түлектерінің жетеуі грант иеленді
Аппаз ауылындағы жазушы, журналист Рамазан Сағымбеков атындағы №18 орта мектептің түлектері білімімен мыңды жықты. Орта білім туралы куәліктерін қолына алған сегіз түлектің жетеуі грант иегері атанды.
Шағын ауылдағы Рамазан Сағымбеков атындағы мектептің оқушылары білім сапасы жағынан үнемі алдыңғы саптан көрініп жүр. Түрлі дәрежедегі олимпиада жүлдегерлері мен спорт жеңімпаздары да осы мектептен шығып жатады. Жыл сайын түлектер арасынан «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлерінің көптеп табылуы да дәстүрге айналған. Бұл – мектеп мұғалімдерінің еңбегі.
– Мектеп түлектерін 7-ші сыныптан бастап дайындаймыз. Жыл сайын түлектер жоғары білім деңгейін көрсетуде. Үш «Алтын белгі» иегері шықты. Мұғалімдер де оқушыларды дайындауда еселі еңбек етуде. Соның бір көрінісі – биылғы түлектеріміздің 7-еуі грантқа түскен. Бұл – мектеп пен ата-ананың ғана қуанышы емес, ауыл мен ауданның абыройы, – дейді мектеп директоры Шәрбат Райымбекова.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz