Жаңалықтар

Аппарат жетекшісінің орынбасары тағайындалды

     Қарағанды облысы әкімдігінде кадрлық өзгерістер орын алды. Облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары лауазымына осыған дейін ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде қызмет атқарған Болат  БАЙКЕНОВ тағайындалды.

Аймақ басшысы Ерлан Қошанов аппараттық жиналыста команданың жаңа мүшесін таныстырды.

– Болат Бақытжанұлы Байкенов облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметіне тағайындалды, – деді Ерлан Қошанов. – Бұл лауазымда ол корреспонденцияны бақылау, заңдық сүйемелдеу мәселелеріне жетекшілік етеді.

36 жасар Б.Байкеновтің екі жоғарғы білімі бар. Орталық Азия университетін, Қарағанды экономикалық университетін «заңгер», «экономика және бизнес бакалавры» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

2010 жылдан бері мемлекеттік қызметте. ҚР Президентінің Іс Басқармасында қызмет еткен. Сонан соң, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде басқарма басшысы болған. 2013 жылдың қыркүйегінен бастап осы күнге дейін ҚР Премьер-Министр Кеңсесінде кеңесші, заң бөлімінің сектор меңгерушісі, секретариаттың бас инспекторы қызметтерін атқарған.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button