Спорт

Апалы-сіңлілі чемпиондар

Италияның Ассизи қаласында бокстан оқушылар арасында халықаралық турнир өтті. Байрақты бәсекеде Ұлттық құрама сапынан қатысқан Шахтинск қаласының спортшылары, апалы-сіңлілі Камила мен Аяулым Оспановалар алтын медальді жеңіп алды.  

Халықаралық турнирге Испания, Франция, Польша, Словения мен Германия елінен тәжірибелі спортшылар қатысқан. Қос чемпион көпбалалы отбасынан шыққан. Камила – 2009, Аяулым – 2010 жылы дүниеге келген. Бүгінде екеуі де облыстық бокс мектебінде Рамазан Мизамбаевтан тәлім алып жүр.

Сонымен қатар, Аяулым бұл турнирде үздік жекпе-жек өткізіп, «Үздік техника үшін» кубогін иеленді. Халықаралық турнирде алтын алған екеуіне жаттықтырушылары «Спорт шеберіне үміткер» атағын беруге өтініш тастады.

Енді олар қазан айында Абу-Дабиде өтетін Азия чемпионатына қатысады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button