Руханият

«Қанышнаме» оқырманмен қауышты

Кеншілер шаһарында «Қа­нышнаме» кітабының тұ­сауы кесілді. Кітап геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, академик және ҚазКСРО Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай жарыққа шыққан.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Белгілі ақын, айтыскер Аспанбек Шұғатаев біртуар ғалымның өмірі мен қызметін кітапқа енген 300 өлеңіне арқау еткен.

Жаңа кітаптың форматы ыңғайлы және ерекше екенін атап өткен жөн. Ол бір кездері Қаныш Сәтбаев тапқан Алтын құйма түрінде безендірілген және қалтаға салып жүруге де ыңғайлы.

– Өзім – ғалымның ұрпағымын. Академиктің мерейтойына орай кітап шығару туралы шешім қабылдадым. Қаныш Сәтбаев бір кездері Делиде, Бейжіңде, Лондонда және Парижде болған. Бірақ, ешқашан Түркияның қалаларында болмаған. «Қанышнамеде» мен оны сол жерге «апаруды» ұйғардым. Кітап Түркияда басылып, алғашқы тұсаукесері Ыстамбұлда өтті. Енді, міне, арғы атамның ізімен жүріп, оны еліміздің қалаларында таныстырып жүрмін. Кітапты төрт тілде – қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде шығаруды жоспарлап отырмын, – деді Аспанбек Шұғатаев.

Әзірге кітап – қазақ тілінде 2000 дана. Олар кітапханаларға таратылады және қалған бөлігі сатылымға шығатынын атап айту керек.

Жәлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button