Жаңалықтар

Антына берік жас сарбаз

Приозерск гарнизонында орналасқан 44841 әскери бөлімінде 40 жуық жас сарбаздар Отан алдында адал болуға ант берді. Әскери ант қабылдаған сарбаздарды Қарағанды облысының Приозерск қаласы әкімі Мансұр Ахметов  және ҚР ҚК ардагері Тілек Алшымбеков құттықтады. 

Суреттерді түсірген автор

– Сіздер бүгін нағыз Отан қорғаушы атанып, елін-жерін көздің қарашығындай сақтауға ант бердіңіздер. Алда әскери өмірдің қыр-сырын үйреніп, жігіттік мектептен өтесіздер. Бір жыл әскери борыштарыңыз абыройлы өтсін, – деді ардагер Тілек Алшымбеков.

Аталмыш ант қабылдау рәсімінен кейін сарбаздар түрлі әскери мамандықтарды меңгеретін болады. Жауынгерілк оқу-жаттығулар барысында шынығып, шымыр болып туған үйлеріне оралады.

– Мен, бүгін Отан алдында және оның заңды сайланған Президенті алдында адал болуға ант бердім. Бір жыл бойы әскери мектептің тәжірибесін әлі талай үйреніп, тәлімін алатын боламыз. Сондықтан өзіме және қарулас достарыма да ел қорғау жолында тек сәттілік тілеймін, – деді қатардағы жауынгер Серік Тұрар.

Думан ЖҰМАШҰЛЫ,
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button