Медицина

Анафилактикалық шоктан қайтыс болған ер адамның өлімінің мән-жайын тәуелсіз сарапшылар анықтайды

Кеше Қарағанды ауруханаларының бірінде науқас анафилактикалық шоктан қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз. Тәуелсіз сарапшылар 40 жастағы ер адам қайтыс болған облыстық клиникалық аурухананың медицина қызметкерлерінің іс-әрекеттерін тексеруді бастады. Бұл туралы Медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мәлім етті.

Сурет: aquaminskclinic.by сайтынан

Қазіргі уақытта 40 жастағы Төрежан Мақашевтің қайтыс болу фактісі бойынша тексеру жүргізілуде. Тексеру жұмыстарына облыстың басқа өңірлерінен аллергология, клиникалық фармакология, терапия, хирургия, реанимация және патологиялық анатомия саласындағы тәуелсіз сарапшылар тартылды. Бұған дейін облыстық клиникалық ауруханада ер адамның өліміне қатысты түсініктеме берілген болатын.

Төрежан Мақашев 8 қарашада жоспарлы операция жасау үшін ауруханаға жатқызылады. Ер адам ауруханаға жатқызу кезінде “Цефтриаксон” препаратына аллергиясы бар екенін ескертеді, бірақ келесі күні оған дәл осы препарат тағайындалып, теріішілік аллергиялық сынақ жүргізіледі.

– Жоспарланған операция күні бөлімше дәрігері пациентке операция кезінде ықтимал асқынуларды болдырмау үшін профилактикалық мақсатта 1,0 г дозада «Цефтриаксон» дәрілік препаратын тағайындады. Науқастың амбулаториялық картасында аллергиялық реакцияның болуы туралы деректер жоқ. Өлімнің түпкілікті себебін анықтау бойынша сот-медициналық сараптама әлі аяқталған жоқ. Нәтижелер дәлелді және толық қорытынды қалыптастыру үшін департаментке ұсынылады. Тексеру қорытындылары тергеу органдарына, сондай-ақ департаментке жүгінген туыстарына жіберілетін болады, – деп хабарлады Медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button