Жаңалықтар

Қамданған қапы қалмайды

Облыстың төтенше жағдайлар департаментінде эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылаған оқу-әдістемелік жиын өтті.

Бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Жандос Әбішев басшылық етті. Оған облыстық және өңірлік эвакуациялық комиссиялар, эвакуация жағдайында адамдарды қабылдайтын бекеттердің өкілдері қатысты.

Бірінші бөлім – теориялық бөлім. Мұнда қатысушыларға өкілетті тұлғалардың тұрғындарды эвакуациялау жағдайындағы міндеттері жайлы айтылды.

Ал, тәжірибелік бөлім Кеншілер мәдениет сарайында жалғасын тапты. Бұл бөлімде эвакуациялық бекетті ұйымдастыру және адамдарды қауіпсіз аймаққа жөнелту бойынша жаттығулар өткізілді. Сондай-ақ, Шахтинск технологиялық колледжінде, Абай атындағы №14 орта мектепте эвакуациялық қабылдау бекеттерін күшейту бойынша іс-шаралар жалғасты.

Оқу-әдістемелік жиын қорытындысы бойынша қатысушылардың іс-қимылына баға берілді. Облыс әкімінің орынбасары мәселе төңірегінде бірқатар міндеттерді нақтылап берді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button