Жаңалықтар

«Amanat» партиясының Төрағасы белгілі әнші Сейіл Аяғанның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов белгілі эстрада жұлдызы Сейіл Аяғанның мезгілсіз қазасына байланысты әншінің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы партияның облыстық филиалы мәлімдеді.

«Қазақ өнеріне өлшеусіз үлес қосып, халық жүрегінен орын алған талантты тұлға, теңдессіз дарын иесі, әнші-композитор Сейіл Аяғанның қайтыс болуына байланысты отбасына, туған-туыстарына қайғыға ортақтасып көңіл айтамын.

Бұл – өнерсүйер қауым үшін орны толмас ауыр қаза.

Өмірін сиқырлы сазбен өрнектеген, халқын шексіз қадірлеген, артына өшпес із қалдырған үлкен жүректі азамат Сейіл Аяғанның есімі мен әсем әні ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, туған елімен бірге жасайтыны сөзсіз.

Алланың ісіне амал жоқ.

Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!», – делінген жеделхатта.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button