Балқаш

Қамқор көңіл ордасы

   Жақында қазақстандық      150 әлеуметтік жоба қатысқан көрме қорытындысы белгілі болды. Айтары сол, балқаштық «Көмек» дағдарыс орталығының жобасы республика көлемінде жүзеге асырылып жатқан үздік жиырма әлеуметтік жобаның қатарынан көрінді.

Жерлестеріміз республикалық деңгейде өздерін мойындата білді. Дағдарыс орталығының нәтижелі жұмысы тиісінше бағаланды.

«Көмек» орталығы «Іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ жанынан қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен 2009 жылы ашылған. Өмірде әртүрлі қиындыққа кездескен тұрақты мекен-жайы жоқ әйелдер мен балаларға қол ұшын беретін қаладағы бірден-бір орталық. Мұнда көмекке душар болған жандарға уақытша баспана ұсынылып, әлеуметтік, психологиялық және құқықтық тұрғыдан тегін кеңес беріледі. Жалпы, орталық жұмыс істеген уақыт аралығында 1,5 мыңнан аса қыз-келіншектерге демеу көрсетілген.

Жоба авторы, аталмыш орталықтың директоры Айжан Тұсанбекованың айтуынша, орталық үзіліссіз жұмыс істейді. Тағдыр тәлкегіне түскен қыз-келіншектер мұнда 10 күн паналай алады. Егер, осы  күндері құжаттарын рәсімдеп, мәселелері шешілмесе, бір айға дейін қоныстауға мүмкіндік беріледі.

Айнұр КЕНДІРБАЕВА.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button