Бас тақырып

Алтынның бір грамы 85 мың теңгеге жетті

Қазір елде алтынның бір граммы 85 504.38 теңгеге бағаланып отыр. Мұны Қазақстан Ұлттық банкі хабарлады. 2026 жылдың басында алтынның бір грамы 71 300.21 теңге болған еді. Айта кетейік, Қазақстан алтын қоры бойынша әлемде 18-орында тұр.

Сурет Freepik

Әлемдік нарықта да алтын бағасы тарихи рекордтарды жаңартып жатыр. 26 қаңтарда троя унциясының құны алғаш рет 5000 доллардан асып, кейін 5200 долларға дейін жетті.

Сарапшылар бұл жағдайды АҚШ долларының әлсіреуімен, геосаяси жағдайдың ушығуымен және экономикалық тұрақсыздықпен байланыстырады.

Қаңтар айында алтынның әлемдік бағасы 20%-ға, ал бір аптаның ішінде 5%-дан астамға өсті.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button