АймақАқтоғайЖаңалықтар

«Алтыналмас» жұмысшылары ортақ мүддеден оқшауланған жоқ

Ақтоғай ауданы, Ортадересін ауылдық округіне қарасты №409 референдум учаскесінде дауыс беру қызу жүріп жатыр. Бүгін «Алтыналмас» компаниясының жұмысшылары, үздіксіз жұмыс кестесіне қарамастан, саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады.

Сурет автордан

– Мен қарапайым халықтың саяси сергектігіне, ешкімнің ел ертеңіне немқұрайды қарамайтынына №409 учаскесінде дауыс беру барысына куә болдым. Өндіріс басында жүрген азаматтар ел болашағы үшін жауапкершілікпен дауыс беріп, азаматтық ұстанымдарын білдірді, – дейді №409 референдум учаскесінің бақылаушысы Гаухар Жақсылықова.
Айта кетейік, учаскеде барлық санитарлық және құқықтық нормалар сақталып, сайлау процесі әділ әрі ашық ұйымдастырылған.

Нұрдос КӘРІМ
«Ortalyq Qazaqstan»

Ақтоғай ауданы

Басқа материалдар

Back to top button