Басты тақырыпПоэзия

АЛЛАДАН БАСҚА ТӘҢІРІ ЖОҚ!

Аят әл Курсидің әуенімен

Соныкі – Ғалам,

Жанат бұл.

Жаһаннан бізге Жасаған кірпік те қақпай,

Қарап тұр!

Аспанға,

Жерге салды ұран,

Ессізді күллі

Елемей;

Кім шығар Оның алдынан,

Өзі кеп алқап,

Жебемей?!

Сендерге дейін не болған?

Сендерден кейін не болмақ?!

Біледі Жалғыз Өзі Оның!

Алланың ақиқатынан ашылар күнде өзегің!

Аспанда – Алтын Тағы Оның!

Жарылқар жүрсең Құлы боп;

Ғаламзат, адамзатыңда Алладан асқан Ұлы –

Жоқ!!!

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button