АймақЖаңалықтар
Алаяқтар айылын жияр емес
Қарағанды полицейлері алаяқтық жасады деген күдікпен 45 жастағы ер адамды ұстады.
Ол Қарағандыдан тұрғын үй сатып алуды жоспарлаған ауылдық округтердің бірінің 55 жастағы тұрғынынан өзін мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырып, мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беремін деп 370 мың теңге көлемінде қаражат алған. Ақша қолына тиісімен ізін жасырған оны көп ұзамай полицейлер құрықтады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.