Алаш әскері қалай киінген?
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультетінің әскери-тарихи жаңғырту «Galea» арнайы клубының ұйымдастыруымен «Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақ офицерлері» көрмесі өтті. Көрмеде 22 атқыштар полкі, «Алаш әскері» және «Дала» атты жасақтарының киім үлгілері мен өмір жолдары түсіндірілді.
Арнайы шара Бірінші Дүниежүзілік соғыстың 110 жылдығына орай ұйымдастырылған көрінеді. Оның мақсаты – отандық тарихтың белгісіз бетін ашу, қазақ сарбаздарының өмірімен таныстыру.
Шараның маңызды бөлігінде тұтқынға түскен австро-венгерлік, француз сарбаздарының да киімдері мен қару-жарақ үлгілері көрсетіліп, олар туралы сөз қозғалды.
Сонымен қатар, Қазақстан аумағындағы Қапал қаласында орналасқан 22-ші Түркістан атқыштар полкінің офицерлері жайында олардың түрлері, яғни, подполковник шеніндегі 2-ші Алаш полкінің (5-ші Сібір атқыш дивизиясының «Қазақ» атты полкінің) командирі, капитан Ғали Самұратбекұлының жеке киім үлгісі көрме көрерменіне ерекше таныстырылды.
– Семей қаласында большевиктерді құлатудың сәтсіз әрекетінен соң Алаш жасағы 1918 жылғы 17 мамыр күні Сор шатқалына көшті. 23 мамырда алаштықтар астыртын ұйымның жасырын жүрген 35 орыс офицерінің қазақ даласына қашуына жәрдем жасады, олар Алаш жасағын дайындау жұмыстарымен айналысты. Бір ай ішінде кадрлық офицерлер Алаш жасағының жігіттерін оқытты. Жасақ үш жүздікке, жүздік взводтарға бөлініп, командирлер тағайындалды. Жасақ түзеліп, полк құрылымына айналды. Жасақ командирі болып Омбы қаласынан келген кадрлық офицер, Бірінші дүниежүзілік соғыстың қатысушысы, капитан Хамит Тоқтамышев тағайындалды. Ал, қалған командалық және нұсқаушы лауазымдарына астыртын ұйым мүшелері ие болды.
10 маусымда Семей коммунистері өз жағдайының нашарлауын сезініп, Барнауылға шегінді. 19 маусымда Алаш жасағы атқыштар взводымен, пулеметшілер командасымен бірге есауыл Машинскийдің жалпы қолбасшылығымен Семейден Барнауыл майданына шегінген қызылдардың ізіне түсті. Ол жорық туралы «Сарыарқа» газеті былай деп жазды:
«Алтай губерниясы бағыты бойынша большевиктердің ізіне түскен Алаш жасағы 17 шілдеде сәтті оралды. Осы жасақ 52 қазақ бен 21 офицерден тұрды. Жасақ басшылары Тұрағыл Абаев, Биахмет Сәрсенов, Қаражан Үкібаев, Тоқтар Бегметов, Ғабдолла Қаскеев және басқа да мырзалар болды. Батыл дала жастары көптеген большевиктермен бірнеше рет күреске шықты, соңғылары қысымға шыдай алмай, қаша бастады. Тұрағылдың айтуы бойынша, қазақ жастары күресе алған, қорықпаған. Күрес кезінде «Алаш» сөзін айтқанда өз өмірлерін ұмытқан. Большевиктер жағынан үшеуі өлтірілген, екеуі жараланған, 11-і қамауға алынып, бізде 8 ат, шамамен ақшалай 100 рубль және көп қару қалған. Қамауға алынғандар арасында Қазиді өлтірген большевик бар. Момынжан большевиктің басын шапқан. Алаш жасағы бір адамды жоғалтқан. Қайта оралған жасақтың рухы көтеріңкі» делінген, – деп түсіндірді тарих факультетінің оқытушысы Игорь Гребников.
Атап айтсақ, бұл әскердің қатарында Хамит Тоқтамышев (1890-1919), Алаш Республикасының әскери министрі (1918-1919), полковник Мұрат Тоқтамышев (1889), штабс-капитан, Миғдатша Абылайханов (1878-1919) капитан, Алаш Орда мүшесі, әскери отрядтар жетекшісі
Мәделі Абылайханов (1880-1930), полковник, монархист Ноғайбай Жетпісбаев (1863-?), подполковник, шығыстанушы Оспан Көбеев (1878-1930), подполковник (1917 жыл) Молданияз Бекімов (1882-?), капитан Нұғман Сарыбопин (1890-1918), штабс-капитан. Сарықожа Сабыржан Көшербаев (1883-1925), штабс-капитан Ғали Самұратбеков (1884-1928) капитан, подполковник
Жәңгір Сәлімгерейұлы Жантөрин (1894-1919), төре Ахмет Әбдірахимовтер болған (1895).
Жан АМАНТАЙ,
Ortalyq.kz