Әдебиет

«Қаламгер» қадам басты

Ұлыстың күні қарсаңында дүние даңарып жатқанда, газетімізге де жаңа леп, ұшқын берсін деген ниетпен «Қаламгер» бетін ашып отырмыз. «Ардың ісі – әдебиет» адам баласының жан дүниесіне қозғау салып, ұшқын сыйласа керек. Айына бір шығару жоспарланған «Қаламгер» беті аймақ әдебиетінің айнасына айналмақ. Қарағанды ғана емес, осы өңірде туып, ел көлеміне танылған белгілі авторлардың шығармаларын да жариялап тұрмақпыз. Бүгінгі әдебиеттің бет алысы: жаңа шығармалар мен оларға жазылған сын-пікірлер, жаңа есімдер, ауыл-аймақтағы таланттардың таңдаулы туындыларын осы беттен оқи аласыз, бұйыртса. Бет көлеміне қарай әлем әдебиетінен үзінділер де ұсыну ойда бар. Қысқасы, «Қаламгерді» «Орталықтың» әдеби отауы деп білгейсіз. Арнайы беттің жандануына мүдделі біз ғана емес, сіздің тараптан да ұсыныс-тілектер болып жатса, мархабат!

Басқа материалдар

Back to top button