Аламан бәйгеге – «Джип»

      Алаш абызы, қазақтың кемеңгер көсемі Қаздауысты Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойы ата қонысы – Егіндібұлақ ауылында осы жылдың 18 тамызында өтеді.

Данышпан бабаның торқалы тойының аламан бәйгесінің бас жүлдесіне – «Toyota-LK-Prado» автокөлігі тігілді. Аталмыш автокөлікті заң ғылымдарының докторы, белгілі ғалым, мәрт ағамыз Бақтыбай Жүнісов ұсынды.

Ал, танымал суретші, анти- ядролық қозғалыстың белсендісі Кәріпбек Күйіков ініміз өзі салған суреттерін көрмеге койып, түскен қаражатын қорға аударатынын мәлімдеді.

Абзал ағамыз бен ініміздің ісіне Алла тағала абырой беріп, ұлы баба аруағы қолдасын деп тілейміз.

Мейір МҮБӘРАКОВ,

«Балқантау» қорының президенті, Қарқаралы аудандық мәслихатының депутаты.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.