Қала әкімінің міндетін атқарушы Мейрам КОЖУХОВ қарағандылықтарға үндеу жасады

Мейрам Кожухов қала тұрғындарына жылы киінуге және ұзақ сапарлардан бас тартуға шақырды. Өйткені, алда аймағымызда аяздың күшеюі күтілуде.

– Құрметті қарағандылықтар, алдағы күндері қатты аяз болады деп күтілуде, синоптиктердің болжамы бойынша -36 градусқа дейін суық болады.

Осы кезеңде елді мекендерден тыс жерлерге, әсіресе дизельді отынмен жүретін көлік құралдарын пайдаланатындарға, сондай-ақ жолаушыларды тасымалдайтын көлік иелеріне қаладан тыс жерге шығуға бас тартуларыңызды сұраймын.

Жылумен, энергиямен және сумен жабдықтауға жауапты барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады,- деп жазды Мейрам Кожухов әлеуметтік желідегі парақшасында.