Ертең, 10 ақпан Қарағандының туған күні. Кенді шаhар – 90 жылдық мерейтойын атап өтпек. Бұған дейін хабарлағанымыздай, қала күніне орай аймақта көптеген мерекелік іс-шаралар жоспарланған болатын.
Әкімдік осы айтулы мереке құрметіне 10 ақпан сағат 19.00-де «Шахтер Даңқы» ескерткішінің артындағы алаңда мерекелік отшашу болатынын айтқан. Алайда, ауа-райының қолайсыздығына байланысты, яғни аймақтағы жел, боран, қар және жаңбыр болуы себебінен отшашу болмайды.
Сонымен қатар орталық саябақтағы мұз алаңында «Флешмоб» болу керек болатын. Бұл іс шара да ауа райының қолайсыздығына байланысты басқа күнге шегеріледі.
Ал, ертең сағат 17:00-де кеншілер мәдениет сарайында лазерлік шоу және мерекелік гала концерт өтеді.
Мереке құтты болсын!
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz