Ресми

Қала күніне орай мерекелік концерт өтеді

Биыл, 10 ақпанда кеншілер астанасы Қарағанды шаһарына 90 жыл толады. Өткені өрнекті, келешегі көрнекті өлкенің 90 жылдық торқалы тойына орай бірқатар кешенді іс-шаралар жоспары түзіліп, кезең-кезеңімен іске аспақ.

Сурет пен видео: Қарағанды қаласы әкімдігінен

Солардың бірі 10 ақпан, сағат 17.00-де Кеншілер атындағы мәдениет сарайында өтетін «Қазыналы өлке – Қарағандым» атты мерекелік кеші. Аталмыш кешке ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев, жерлесіміз, эстрада жұлдызы Ерлан Көкеев бастаған өнерпаздар қатысып, қарағандылықтар мен қала қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлайды деп жоспарлануда.

Кеш соңыңда қала күніне арналған лазерлік шоу және от шашулар болады.

Келіңіздер, көріңіздер, ағайын!

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button