Жаңалықтар
Алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Қарағанды Экономикалық университетінде орналасқан №66 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып дауыс берген жанның бірі – Бексұлтан Тәжімов. Өзі «Қазтұтынуодағы Қарағанды» университетінің Экономика құқық және бизнес колледжінің студенті. Әрі өзі алғаш рет дауыс беріп тұрған көрінеді.

– Жасым 19-да. Мұндай сайлау науқанына бірінші рет қатысып, бірінші рет дауыс беруім. Әрине, толқу болды. Десе де, маңызды сәтті ешқашан есімнен шығармаймын. Енді бұдан былай мұндай науқандардан қалыс қалмауға тырысамын. Себебі, бұл жерде еліміздің болашағы тұр, – деді Бексұлтан Тәжімов.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz



