Спорт

Алғашқы гол жеңіс сыйлады

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташ» сапында дебютін өткізді. «Бешикташ» конференция лигасы плей-офф раундының алғашқы матчында Түркия клубы Киевтің «Динамосымен» кездесті.

Бұған дейін Зайнутдиновті түркиялық футбол сүйер қауым ыстық ықыласпен күтіп алған еді. Алғашқы таймда алаңнан көрінбеген жерлесіміз екінші бөлімде алаңға шықты.

Артур Масуакуды алмастырған Зайнутдинов матчтың 95-минутында мергендік танытып, гол соқты. Гол соққан сәттің бейнежазбасынан оның ептілігі, шапшаңдығы анық байқалады. Қас пен көздің арасында қарсыласынан допты жұлып алып, қарсыластың қапасына тоғытты. Және бұл гол «Бешикташқа» жеңіс сыйлады. Үміттің ақталғаны осы болса керек.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button