Ресми

Акция: табиғатты аялайық

Күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар облыс пен қала әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Мұнымен қоса, жолдарды ретке келтіру міндетін жүктеді.

Сурет: ұйымдастырушылардан

Мемлекет басшысы бұл жұмыстарға тұрғындар мен еріктілерді тұрақты түрде тарту маңыз­ды екенін, елдімекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болатынын атап өтті.

Осы орайда елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акция­сы басталды. Әр жұма күні ел болып, табиғатты аялаймыз. Мұндай игілікті іске қарағандылықтар да бір кісідей жұмылады.

Ауқымы кең акцияның алғашқы аптасы «Таза өлке» деп аталды. Қарағанды облысының барлық, аудан-қала, ауылындағы ел-жұрт жаппай өзінің ауласын, демалыс орындарын тазартты.

Тағы бір жалпы қалалық сенбілік 13 сәуір күніне жоспарланып отыр. Осы орайда, қала тұрғындарының экоакцияға белсенді қатысуы сұралады.

Одан соң «Киелі мекен» апталығында аудан-қала аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер абаттандырылады.

«Таза Қазақстан» экологиялық акцияның одан кейінгі науқаны – «Жасыл аймақ». Мұндағы міндет – ағаш егу. Одан кейін «Өнегелі ұрпақ» апталығы. Бұл апталықта жас буын ардагерлер мен Қарттар үйінің ауласын жинап, қолғабыс жасайды.

Акцияның соңғы аптасы – «Мөлдір бұлақ» деп аталады. Акция – өзен-көлді, жалпы қоршаған ортаны қоқыстан тазарту мақсатында қолға алынып отыр. Күні кеше облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жұмыс күнін қаланың тазалығын тексеруден бастады. Қазыбек би ауданының бірнеше ауласын жаяу аралаған аймақ басшысы аудан әкіміне ескерту жасап, енді үнемі көше, аула тазалығын қадағалайтынын жеткізген болатын.

Қасымхан БҮРКІТҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button