Қайырымдылық күні аясында Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Қолөнер – рухани жан серігің» көрме-жәрмеңкесі өтуде.
Жәрмеңкеге облыстың қала, аудандарынан 21 қолөнерші келді.
– Ұлтымыздың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» деген болатын. Ұлттың бар болмысын, тілі мен дінін, әдет-ғұрпы мен салт- дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, бойына дарытатын әйел- ана. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды дәстүрге сүйеніп, уақыт талабына сай тәрбиелеу-ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Наурыздың онкүндігіндегі аналар қауымы жиналып, көрікті көрмемізді қайырымдылыққа арнадық. «Қайырым жасасаң – қайырын өзің көресің» дегендей, ел игілігі жолында қызмет атқарудан шаршамаймыз, – дейді «ЖӘДІГЕР» қолөнершілер қоғамдық бірлестігінің басшысы Перизат Қалиханқызы.
Жәрмеңкеге жиналған қарағандылықтар дизайнер Әсем Серғалиқызының этно-стильдегі киімдерден тігілген «Анса Дэстор» брендін тамашалауда. «Наурыз көктем» әнін орындаған музей қызметкері Айгүл Әбдрашқызының әні көрменің көркін кіргізді.
Аяулым СОВЕТ,
ortalyq.kz