Жаңалықтар

Қайнардағы қоқыс полигоны қоршалды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Нұра ауданында біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, Қайнар ауылдық округінің тұрғындары экоакция басталғалы бері сенбілікке қатысып, ауыл маңынан 720 тонна күл-қоқыс шығарған. Енді, ауыл сыртындағы қатты қалдықтар полигонын ретке келтіру үстінде.

Суреттер ауыл округі әкімдігінен

Аудандағы «Қайнар» ЖШС қоқыс полигонын ретке келтіру үшін арнайы үш техника жұмылдырған.

Бұған дейін, қоқыс полигоны қоршаусыз жатқан.

Осы бір игі бастаманың аясында полигон аумағы қоршалды.

Әрі техниканың көмегімен жайылып кеткен тұстары күрелуде.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button