Жаңалықтар

Аймақтың су қоймаларында қауіпсіздік ережелерін сақтамаған бес адамға айыппұл салынды

21-26 наурыз аралығында су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін бес адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері облыстың су айдындарында балық аулау және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Суреттер: ТЖД

Наурыздың 21-і мен 26-сы аралығында 58 патрульдеу, жыл басынан бері – 561 жүргізілген. Сонымен қатар су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері жазылған парақшалар таратылған. Рейдтік іс-шаралар барысында ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамаған бес адам жалпы сомасы 64 610 теңгені құрайтын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Төтенше жағдайлар департаменті жұқа мұз жыл сайын адам өліміне әкелетінін еске салады. Қаза тапқандар арасында балалар мен балықшылар жиі кездеседі. Сондықтан мұзға шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button