Бас тақырыпЖаңалықтар
Аймақта жаңа кәсіпорын салынады
Қарағанды облысында көмір мен тас көмірді өңдеу, байыту және пиролиздеу жобасы іске аспақ.
Кәсіпорынды 2024-2025 жылдары Нұра ауданында салу жоспарлануда. Нұра ауданы әкімдігінің мәліметінше жоба құны 2,5 млрд теңгеге бағаланып отыр. Оның басталуы үш кезеңге жоспарланған. Алдымен орташа температурадағы кокс өндірісін жолға қоймақ. Бұл нысанның қуаттылығы жылына 60 мың тоннаны құрауы мүмкін. Келесі кезекте қуаттылығы жылына 30 мың тонна өнім шығаратын роторлы пештерде ұсақ көмірді өңдеуді жүзеге асыру жоспарлануда. Ал содан кейін кәсіпорын жылына 30 мың тонна көлемінде құйма брикет өндірмек. Аталмыш кәсіпорын 100 адамды жұмыспен қамтамасыз етпек.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ