Ресми

Аймақтағы діни ахуал тұрақты

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін діни фактор тек қазақстандықтардың жеке өмірінде ғана емес, жалпы қоғамда да айтарлықтай рөл атқара бастады.

Мемлекет басшысы өз сөзінің бірінде «Әрбір адам үйлесімділік пен келісімдегі бақытты өмір туралы армандайды. Діни төзімділікті ілгерілету, сындарлы диалог пен өзара сенімді дамыту осы мақсаттарға қол жеткізудің бір жолы болып табылады», – деп атап өтті.

Бүгінгі күні діни радикализм халық­аралық тұрақтылыққа қауіп келтіреді және мемлекеттер үшін қауіп-қатер болып табылатынын атап өткен жөн.

Біздің азаматтарға теріс әсер ету қау­пінің алдын алу мақсатында біздің бас­қарманың қызметі діни экстремизм мен терроризмді насихаттауға жол бермеуге, конфессияаралық келісімді, дәстүрлі рухани құндылықтарды және мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған.

Біздің облыс республикадағы ең көп конфессиялы өңір болып саналатыны белгілі. Республикада жұмыс істейтін 18 конфессияның 15-і бар (ислам – 127, православ – 23, католиктік – 16, протестанттық – 110, иудаистер – 2, Кришна санасы қоғамы – 1, «Бахаи» қоғамы – 1), олардың атынан 280 діни бірлестік пен филиалдар өз қызметін жүзеге асырады.

Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысы тұрғындармен жүргізілетін жұмыстың ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Ол Қазақстан Рес­публикасының діни қатынастары саласында қазақстандықтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау жөніндегі қолданыстағы заңнамасы туралы өңір тұрғындарын ақпараттандыруға және оны түсіндіруге, діни радикализм идеяларының таралуына жол бермеуге және діни белгілері бойынша қоғамның жікке бөлінуіне жол бермеуге бағытталған.

Өткен жылы тұрғындар арасында түрлі деңгейдегі 14 ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс істеді, олардың құрамына 163 сарапшы енгізілген. Өткен жылы 4743 ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізіліп, оларға 195 200 адам қатысты. Бұл ретте, жастар арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударылады. Дәл осы санаттағылар деструктивті діни ілімді таратушылардың әсер ету объектісіне айналады. Және де жастар көбінесе псевдодіни білімді күмәнді дереккөздерден, әсіресе діни экстремизм мен терроризм идеологиясын тарататын шетелдік уағыздаушылардан алады.

Облыста бірнеше жылдан бері жергiлiктi атқарушы органдар жоғары сынып оқушыларымен, спорт секцияларының тәрбиеленушiлерiмен, орта арнаулы оқу орындарының студенттерiмен және оқушылардың ата-аналарымен күмәндi дiни бiлiм алудың қауiптiлiгi, тiркелмеген дiни ұйымдарға тартудың қауiптiлiгi, тiптi, дiни жанжалдарға қатысуға алдап-арбау туралы ақпараттық-түсiндiру iс-шараларын тұрақты түрде жүргiзеді.

2023 жылы жастарға арналған 945 іс-шара өткізіліп, 33 624 адам қатысты.

Интернет дiни радикализм мен экстремизм идеяларын таратудың аса басымды көздерiнiң бiрi болып отыр. Сол арқылы жастардың толық қалыптаспаған санасына немесе тұрғындардың мақсатты маргиналды топтарына теріс әсер етуде.

Сондықтан ақпараттық іс-шаралармен қатар, интернет желісінде және БАҚ-та түсіндіру жұмысы белсенді жүргізіледі. Мәселен, 2023 жылы еліміздің және облыс­тың телеэкрандарында облыстық және республикалық деңгейдегі дін саласының құзырлы мамандарының қатысуымен 20 сюжет, 7 телехабар, 3 ток-шоу, 17 подкаст эфирге шықты. Әлеуметтік желілердің кеңінен танымал алаңдарында 11 210 жарияланым мен 3 250 материал таратылды, БАҚ-та 534 мақала жарыққа шықты.

Оларда дін саласындағы заңнама, діни радикализм мен экстремизмге қарсы тұру жөніндегі түсіндірулер берілді, діни төзімділік идеялары насихатталды, діни деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсетілді.

Интернет-кеңістікте құқыққа қайшы контентті, сонымен қатар, экстремистік си­паттағы материалдарды тарататын және оған қызығушылық танытатын пай­даланушыларды анықтау мәніне әлеуметтік желілерге мониторинг ұдайы жүргізіледі. Деструктивті діни контенті бар әртүрлі интернет-ресурстардан туындайтын қауіптілікке байланысты күн сайын әлеуметтік желілерді пайдаланушылар арасында қарсы насихаттау материалдары таратылады, күмәнды интернет-ресурстардың жазылушыларымен түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Нәтижесінде өткен жылы 10 000-нан астам пайдаланушы деструктивті контенттегі топтар мен интернет-көздерінен шығып кетті. Сонымен бірге, 12 адам ҚР заңнамасын бұза отырып, діни экстремизм мен терроризмді насихаттау белгілері бар материалдарды заңсыз таратқан. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 млн. теңгеге жуық сомада айыппұл салынды.

Көрнекі үгітте белсенді қолданылуда. Облыстың елдімекендерінде Қазақстан Республикасын зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде және қазақстандық қоғамның дәстүрлі рухани құндылықтарын кеңінен танымал ететін баннерлер орналастырылған.

Деструктивті діни ағымдардың зияндылығы туралы түрлі акциялар өткізу, баспа материалдарын тарату тәжірибесі қолданылады.

Өңірдегі конфессияаралық тұрақ­ты­лықты қолдауда Қарағанды облысының діни бірлестіктер клубы айтарлықтай маңызды рөл атқарады, оның құрамына 14 конфессияның өкілі кіреді. Өткен жылы діни бірлестіктер клубының 9 отырысы өткізіліп, облыстың тарихи және діни орындарын аралаумен түрлі өңірлерге 4 сапар өткізілді. Сонымен қатар, қатысушылар облыс тұрғындары арасында 60 қайырымдылық акциясын өткізді.

Өкінішке қарай, еліміздің дін саласындағы заңдарының талаптарын бәрі бірдей сақтай бермейді. Радикалды діни ағымдардың ықпалына түскендер де бар. Бірақ, өздеріңізге белгілі, біздің елдің сая­саты барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғауға ғана емес, сонымен бірге, дес­труктивті діни ағымдар идеологиясының ықпалынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағытталған.

Сондықтан аталған азаматтармен, оның ішінде, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқандармен радикалды діни ағымдар насихаттайтын идеялардың дәрменсіздігі мен деструктивті мәнін түсіндіруге бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы, бүгінгі күні облыстағы діни ахуал тұрақты.

Мұны 2023 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері де дәлелдейді, оған сәйкес тұрғындар өңірдегі діни ахуалды дәйекті түрде қолайлы деп санайды, мемлекет дамуының зайырлылық қағидаттарын қолдайды (63%) және дін саласындағы конституциялық құқықтарды кепілді пайдалану жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін жоғары бағалайды.

Жанболат СЕКТАЙ,
облыстық дін істері басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button