Аймақта түзеу мекемелерінің бірінде төбелес болып, жазасын өтеуші қайтыс болды
Қарағанды облысы Абай ауданына қарасты №29 қатаң режимдегі түзеу колониясында сотталғандар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласып, жазасын өтеушілердің бірі алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Оқыс оқиға 24 ақпан күні орын алған.
Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушының өліміне қатысты тергеу басталған. Оқиға кезінде колония қызметкерлерінің қайда болғанын анықтау үшін колонияға комиссия жіберілген.
– Сотталғандар арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті оның қорытындысы бойынша тексеру тағайындады. Оның ішінде қызметкерлердің әрекетіне құқықтық баға беріледі, – деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz