Аймақта су тасқыны орын алған тас жолдарға су өткізгіш құбырлар орнатылады
Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы биылғы көктемде жолдарда қатты су тасқыны орын алған бағыттар бойынша жоспарлы инженерлік жұмыстар туралы айтты.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері еріген судың үлкен ағынының өтуін қамтамасыз ету үшін жолдарды жыртуға мәжбүр болған еді. Мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін тас жолдардың үш бөлігіне су өткізгіш құбырлар орнатылмақ. Бұл нысандар Нұра ауданындағы Қайнар-Нұра тас жолының 250-ші шақырымында, Шет ауданындағы С.Сейфуллин-Өспен-Ағадыр жолының 19-шы шақырымында және Ағадыр-Мойынты тас жолының 118-ші шақырымында пайда болады. Бұдан басқа, басқарма қолданыстағы су өткізгіштерді ауыстыру және жаңаларын орнату бойынша 40 іс-шара жоспарлағанын хабарлады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.