АймақБас тақырыпҚарағанды

Аймақта сегіз бірдей ауылдан бруцеллез анықталды

Қарағанды облысындағы сегіз ауылда санитария шектеулері енгізілді. Ауылдан сиыр бруцеллезі анықталған. Ветеринарлар жаппай сынама алуды бастады.

Сурет: arqau.kz

Инфекциялық ауру Абай, Шет, Нұра және Қарқаралы аудандарында анықталған. Дәрігерлер аталған кесел белгілері адамдардан білінген жоқ дейді. Бруцеллез адамға ауру малдың еті мен сүтінен, немесе мал сою кезінде адам денесіндегі ашық жаралар арқылы жұғады.

Тұрғындар қорада қолғап киіп, сүтті әбден қайнатып алып қолдануы керек. Малды ауылдан шығаруға тыйым салынды. Кесел расталған 18 сиыр сойылып, еті шұжық цехтеріне өткізілген. Өңдеуге өткізгендегі сомадан бөлек, мал құнының 30 пайызы мемлекет себінен өтеледі.

Сондықтан ауылдағы ағайыннан сақтық ережелерін сақтауды сұрайды.

Аудандардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының ұсынысы негізінде ошақтар аумағында 23 мамырдан бастап бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленді.

— Қарағанды облысындағы 5 ауданның 9 елді мекенінде: Абай ауданы, Құрма а/о; Қарқаралы ауданы, М. Мамыраев а/о, Теміршы а/о; Нұра ауданы, Тассуат а/о; Көктінкөл а/о; Шет ауданы, Нұраталды, Шет, Босағаа а/о; Осакаров ауданы, Батпақ а/о ауру жануарлар анықталды. Барлығы 18 бас ірі қара. Бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары барлық ірі қара мал басына қатарынан екі теріс ПТР нәтиже алғанға дейін және жануарлардың басқа түрлерінде теріс ПТР нәтижелер алынғанға дейін, сондай-ақ қорытынды дезинфекция сапасының нәтижелеріне сәйкес жүргізіледі. Дертке шалдыққан малдың еті тұтынушыларға жетпейді. Барлығы бақылауда, – деді ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ержан Бекетбаев.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button