Бас тақырып

Аймақта көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталды

Аймақта көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталады. Биыл 1,1 млн. гектар жерге дәнді және басқа да дақылдарды егу жоспарлануда. Дәнді дақылдар егуге арналған алқап қысқартылып, майлы дақылдар алқабы – 27,3 мың гектарға, жем-шөп дақылдары – 18,2 мың гектарға ұлғайтылады. Сонымен қатар, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облысқа арзан бағамен 17,4 мың тонна дизель отыны бөлінді. Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Сурет: облыс әкімдігінің сайтынан

– Қарағанды ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының ұсынымдарына сәйкес аумақтық аймақтарға байланысты дәнді дақылдарды егудің оңтайлы мерзімі 10-28 мамыр аралығында өтеді деп нақтыланды. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында картоп – 11,5 мың, көкөніс – 1,2 мың гектарға егіледі. Ал, тұқымдарды себу және олардың сапасы – бірінші орында. Көктемгі егісті жүргізу үшін 105,3 мың тонна дәнді дақылдар мен 36 мың тонна картоп себілді. Басқа өңірлерде және шетелде тұқым сатып алу жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда 20 ауылшаруашылық тауар өндірушісі Ресейден 1065 тонна элиталық бидай тұқымын сатып алды, – деді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Саят Мусин.

Техниканы дайындау жұмыстары да жоспарлы жүргізілуде. Егіс науқанына 10 мыңға жуық трактор, 254 егіс кешені, 4 мыңнан астам сепкіш пен 2,5 мыңға жуық топырақ өңдеу агрегаты жұмылдырылады.

Суармалы жерлердің ауданы – 4,5 гектарға ұлғайып, 34,8 мың гектарға жетті.

– Ауыл шаруашылығы басқармасы, қалалар мен аудандардың әкімдері егіс науқанын сапалы және уақтылы жүргізуді қамтамасыз етсін. Минералды тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру қажет. Сапаны анықтау үшін тұқымның берілуін бақылауда ұстаңыздар. Ауыл шаруашылығы техникасын егіс науқанына дайындауды және арзандатылған отын жеткізуді қамтамасыз ету керек, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button