Аймақта 80-ге жуық жазатайым оқиға тіркелген
1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 3,2 миллионнан астам жұмыскер өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандырылған. Дегенмен, жазатайым оқиға кезінде азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды іске асыратын тиісті шарттар кәсіпорындардың тек 53,1 пайызында жасалған деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың осы бағыттағы жұмысты күшейту туралы тапсырмасына сәйкес өңірлердің мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарын сақтау қажеттілігі туралы 125 мыңнан астам хабарлама жолдады. Аталған шарттың орындалмауы осы кәсіпорындарды тиісті тексерулер жүргізу үшін профилактикалық бақылау тізімдеріне автоматты түрде қосуға негіз болады.
Облыстың еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма ұсынған дерек бойынша өткен жеті айда 80-ге жуық жазатайым оқиға тіркеліпті. Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші қызметкерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті екенін есте ұстаған жөн.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz