Аймақта 40 мыңнан астам бала қызылшаға қарсы екпе алды
Жыл басынан бері аймақта қызылшаның 247 зертханалық расталған жағдайы тіркеліпті. «Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі – вакцинацияланбаудың салдары» дейді мамандар. Жас ерекшелігіне тоқталсақ, ауру жұқтырғандардың 63,5%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. Бұның ішіндегі 40% үлесі – 5 жасқа дейінгі балалар.

Бүгінгі жағдай бойынша 40 599 бала қызылшаға қарсы екпе алған. Екпе алғандардың ішінде егуден кейінгі қолайсыз жағдай тіркелген жоқ.
– Құрметті ата-аналар! Бұл аурудан қорғаудың жалғыз жолы – вакцинация. Қызылшаға қарсы вакцинация аурудың алдын-алудың жалғыз дәлелденген және тиімді құралы, ол сенімді әрі ұзақ мерзімді иммунитетті қалыптастырады. Қызылшаға қарсы вакцинаның әрбір дозасы баланың иммунитетін нығайтады – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлжан Байгутанова.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz