Медицина

Аймақта 14 жасқа дейінгі балалардың сырқаттануы күрт өскен

Аймақта  эпидемиологиялық маусым басталғалы бері 1 қазан мен 5 желтоқсан аралығында ЖРВИ-дің 27 мың 958 жағдайы тіркелген. Сырқаттанушылардың 61%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл өткен жылғы деректермен салыстырғанда – 1,9 есе өскен. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлімдеді. 

Сурет: ашық дереккөз

Бүгінгі таңда вакцина алмаған адамдар арасында 28  тұрғыннан тұмаудың (А3) түрі анықталған. Оның 11-і – 14 жасқа дейінгі балалар. 

– Жедел көмекті талап ететін ауру белгілері туралы есте ұстаған жөн. Яғни, дене қызуының 38-40° градусқа көтерілуі. Егер бұл процес  3-5 күннен ұзаққа созылса, ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдағаннан кейін басылмаса, қатты бас ауырып, ентігу байқалса, мамандар көмегіне жүгіну қажет. Ал, ерекше тәуекел топтары жедел вирустық инфекцияларға өте бейім келеді, – деді Юрий Леонидович. 

Қазіргі таңда тәуекел тобындағы адамдардың маусымдық тұмауға қарсы вакцинациясы аяқталды. Осы топтағы облыс тұрғындарының 14,5%-ы вакцинацияланған. Жалпы, ақылы негізде және жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 3 мың 310 адам тұмауға қарсы егілді.    

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button