Ресми

Аймақ кәсіпкерлерінің айтары бар

Ел экономикасының даму тынысында кәсіпкерліктің үлесі зор. Ал, кәсіпкерлерге Үкімет тарапынан қолдау да жоқ емес. Осы орайда облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аймақтың бизнес-қауымдастығымен кездесті. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің отырысында жер қатынастары, құрылыс саласы және агроөнеркәсіптік кешен проблемалары көтеріліп, маңыз­ды жайттар талқыға түсті.

«Жекешелендіру және инвестициялар бюросының» директоры Александр Перов бос жер учаскелері туралы ақпараттың сайттарда уақытылы жария­ланбайтынына, тіпті, мүлдем жоқтығына шағымданды. Ол дүңгіршектер мен көше саудасына жер бөлу мәселесінің де шешім таппай қалып отырғанын айрықша атап айтты.

Ермағанбет Қабдулаұлы бұл өзекті мәселеде кәсіпкерлер мен қала әкімшілігі арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың қажеттілігіне баса назар аударды. Көше саудасына арналған дүңгіршектер мен құрылымдардың эстетикалық тұрғыда жағымды көрінуі керектігі де назардан тыс қалмады.

«Қазақстан фермерлер ода­ғы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Игорь Жабяк тозығы жеткен жайылымдар мен суармалы жерлерді қалпына келтіруге тоқталып, ол мемлекеттің шағын және орта ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау қажеттігін де алға тартты.

Ал, кәсіпкерлер салыққа қатысты мәселелерге алаң.

Жәлел ШАЛҚАР,
Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button