АймақБас тақырыпҚарағанды

Аймақ басшысы Шахтинск қаласының санитарлық тазалығын тексерді

Шахтинск қаласында биыл 25-ші орамның 13 көшесі мен Молодежная көшесінің көлік жүретін бөлігіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. С. Асфендияров атындағы №9 және С. Сейфуллин атындағы №5 мектептердің, сондай-ақ «Еркетай» балабақшасының жанындағы тұрақ орындары абаттандырылады. 

Суреттер: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Шахтинск қаласын абаттандыру бойынша осы жылға арналған жоспарлар туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа қаланы таңертеңгі жаяу аралау кезінде баяндалды.

Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбековтың айтуынша, 1-ші орам тұрғындарының өтініші бойынша балалар мен спорт алаңдары жабдықталып, футбол алаңы орнатылады. Сонымен қатар, қаланың үш ауласында шағын сәулет формалары бар жаңа ойын алаңдары пайда болады және тағы үш аулада ескі футбол алаңдары жөнделеді. Сонымен қатар, биыл 29-шы және 30-шы орамдардың аула аумақтарында, 26-шы орамның  және “Центр-3” жеке аулаларында көше жарығын орнату бойынша үлкен жұмыс жоспарлануда.

Сондай-ақ, Жеңістің 40 жылдығы көшесіндегі аллеяны жалғастыруға қаражат бөлінді (бөлшектелген павильондар орнында).

Жаяу серуендеу кезінде Ермағанбет Бөлекпаев жаяу жүргіншілер аймақтарының, орындықтардың жағдайына да назар аударды. Қала әкімі биыл 40 қоқыс жәшігі мен 20 орындық орнатылатынын айтты. “Центр-3” ауданында тротуар орнатылады, сондай-ақ Абай Құнанбаев даңғылындағы (жұп жағы) тротуарға қаражат бөлінеді.

– Орталық көшеде жүргенде таза екенін көреміз, бірақ аулаларда әлі де жұмыс көп. Бір апта ішінде барлық жерді тазалап тастау керек, бұл үшін тұрғындарды да тарту қажет, – деді облыс әкімі.

Ермағанбет Бөлекпаев, Шахтинск әкімі мен полиция қызметкерлері аулаларды аралап шықты. 

Полиция қызметкерлері өз аумақтарын тазаламайтын нысандарды тіркеді. Оларға ұйғарым жасалады.

Облыс әкімі өз аумағын ұқыпты ұстайтын аулалардың ішінде Жеңістің 40 жылдығы көшесіндегі 65-ші үйді атап өтті. 

Ондағы тұрғындардың бірі жайлы шағын бақ жасаған.

Ермағанбет Бөлекпаев бұл тұрғынмен кездесіп, оның ауланы абаттандыру бойынша одан әрі жұмысына көмек көрсетуді тапсырды.

Облыста «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде, барлық тұрғындар мен кәсіпкерлерді өз аумақтарын тазалауға шақырамыз.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button