Бас тақырып
Аймақ басшысы Ораза айт мерекесімен құттықтады
Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев облыс тұрғындарын Facebook парақшасында Ораза айт мерекесімен құттықтады.

– Сіздерді келіп жеткен Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Ораза айт мейрамы жүрекке мейірім ұялатып, ізгілікке шақырады. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, тілеген тілектеріңіз орындалсын.
Айт мерекесі әр үйге бақ-береке, қуаныш пен шаттық әкелсін!, – делінген облыс әкімінің құттықтауында.