Бас тақырып

Аймақ басшысы Әлихан Бөкейхан ауданын жаяу аралады

Облыс әкімі кеше Қарағандының Оңтүстік-Шығыс бөлігін жаяу аралап, көше ахуалын көзбен көріп қайтқан болатын. Бүгін Әлихан Бөкейхан ауданы және қала әкімімен бірге Майқұдықтың көшелерімен жүріп қайтты. Сонымен қатар осы ауданда алғашқы сенбілік өтіп, мыңға жуық қоқыс толы қап шығарылды.

Сурет: облыс әкімдігінің сайтынан

Дегенмен ауданда әлі жұмыстар жетерлік. Әр жерде шашылған пакеттер, пластик бөтелкелер және басқа да қоқыс қалдықтары көп. Аймақ басшысы мердігерлерге жұмысшы санын көбейтіп, белсенді түрде учаскелерін ретке келтіруді тапсырды.

– Үйлердің жанынан өткенде, кейбір үйдің балкондарының астында тұрмыстық қоқыстардың шашылып жатқанын көрдім. Өкінішке қарай, тұрғындар өздері терезеден немесе балконнан лақтырғанын аңғаруға болады. Қала тұрғындары да қалыс қалмай, сенбілікке шығуы керек. ПИК-пен бірге ауласын қоқыстан тазалауы шарт. Кәсіпкерлер де өз нысандарының маңайын тазалап отыруы тиіс, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button