Бас тақырып

Аймақ басшысы Иран елшісімен кездесті

Қарағанды облысынан шыққан өнімдер әлемнің 46 еліне экспортталады. Ал, керісінше, өңірде Ирандық серіктестермен 25 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Атап айтсақ, өңдеу өнеркәсібінде, көтерме және бөлшек саудада, әкімшілік, көмекші қызмет көрсету және құрылыс саласында кең таралған. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ынтымақтастықты нығайту мақсатында Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джокармен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық мәселе талқыланды.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ.

Аймақ басшысы өз сөзінде Ираннан келген компаниялар үшін бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдай жасауға дайын екендігін жеткізді.

– Біз өзара тиімді сауда – экономикалық ынтымақтастықты арттыруға мүдделіміз. Ираннан келген компаниялар үшін бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Инвесторларды, озық әлемдік технологияларды тарту, өнімнің жаңа түрлерін әзірлеу және өндіру, жоғары технологиялық салаларды дамыту үшін өңірдегі «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Резиденттер үшін салықтық және кедендік преференциялар, инфрақұрылым көзделген. Сонымен қатар, Саран қаласында жалпы ауданы 180 га индустриялық аймақ бар. оның ішінде 150 га жобалар іске асырылуда, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Жыл басынан бері Иранмен сыртқы сауда айналымы 2,1 млн. АҚШ долларына жеткен. Ал, Иран елшісі келер жылы осы көрсеткішті едәуір ұлғайтуды жоспарлап отырғанын баса айтты.

– Бізді аймақтың әлеуеті қызықтырады. Мұнда көмір, болат, темір өндіріледі. Ауыл шаруашылығы да дамыған. Өнімдеріңіз біздің елде үлкен сұранысқа ие болуы мүмкін, – дейді Әли Акбар Джоукар.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button