АЭС: студенттер де ел ертеңіне сенеді
Саранда да Қазақстанда АЭС құрылысын салуды қолдау жөніндегі қалалық халықтық штабтың жұртшылықпен кездесулері жалғасуда. Мен де аталмыш штабтың мүшесі ретінде өзіміздің Абай атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерімен жүздесіп, осы тақырыпқа әңгіме өткіздім.
Кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылдың 2 қыркүйегіндегі халыққа Жолдауында сөз болған елімізде АЭС салу мәселесінің өзектілігі мен қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар әлемдік деңгейдегі энергия тапшылығын және таза экологиялық қуат көздері қажет екенін де тілге тиек етіп, әрбір азамат 2024 жылдың 6 қазанында болатын жалпыхалықтық референдумға қатысып, дауыс беруінің маңызды екендігін түсіндірдім. Бұл айтқандарымды дұрыс қабылдаған студенттеріміз оны қолдап, еліміздің ертеңіне сенетіндерін білдірді.
Жанбол ЖАЯУБАЕВ,
«Абай атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.