АЭС: спортшылар да қолдайды
Бұқар жырау ауданындағы спорт клубтары мен секцияларының жаттықтырушылары елімізде АЭС -тің салынуын қолдаймыз. Бүгінгі әлемдік жағдайда, қоғам дамуында энергия ресурстары шешуші рөлге ие болып отырғанда, АЭС құрылысының салынуы тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады.
Біріншіден, АЭС-тің салынуы аймақтардың энергияның қазба көздеріне тәуелділікті айтарлықтай азайтады. Бұл, өз кезегінде экологиялық ахуалымызды жақсартады. Өйткені атом энергетикасы ауаға көмірқышқыл газы мен басқа да зиянды қалдықтарды таратпайтын ең бір таза энергия қатарына жатады.
Екіншіден, АЭС салынуы жаңа жұмыс орындарын ашады. Мұның өзі жұмыс іздеп жүрген қаншама жастарымызға оған орналасып, келешек дамуына мүмкіндік береді. Ол ғылым мен техника салаларында да қанша жетістіктерге жол ашып, экономикамыздың өркендеуіне оң ықпал етеді.
Сонымен бірге,энергиямен тұрақты жабдықтау біздің өңірімізде де спорттың дамуына жақсы әсерін тигізеді. Соның арқасында біз спорт нысандарының жұмысын қамтамасыз етіп, жаттығулар мен жарыстарды жоғары деңгейде өткізіп, дені сау ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Сондықтан біз АЭС салынуына қарсы емеспіз және соның арқасында жарқын болашаққа батыл қадам басатынымызға сенеміз.
Мұхаметқали ҚУАНЫШ,
Бұқар жырау аудандық спорт мектебінің жаттықтырушысы