Бас тақырып
АЭС салу бойынша референдум қандай жағдайда өтті деп есептеледі?
Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум қандай жағдайда өтті деп есептеледі? Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) айтып берді, – деп хабарлайды ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Республикалық референдум туралы Заңға сәйкес, дауыс беруге құқығы бар қазақстандықтардың жартысынан көбі қатысуға тиіс. Соңғы мәліметтер бойынша, бұл 12 244 683 адам. Тиісінше, жартысы 6 122 342 адам.
– Референдумға шығарылған мәселе бойынша шешім, егер оның оң шешімі үшін дауыс беру нәтижесінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан көбі оны жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі, – деп хабарлады ОСК Tengrinews.kz редакциясының ресми сұрауына берген жауабында.
Референдумға қанша қазақстандықтың АЭС салуды жақтап немесе қарсы дауыс беретіні дауыс беру күні – 6 қазандағы жалпы халықтың қатысу нәтижесіне қарай белгілі болады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА