Бас тақырып

Қадір түні қандай дұға оқу керек?

Биыл Қадір түні 26-нан 27-ші наурызға қараған түні өтеді. Бұл – мұсылмандар үшін қасиетті түн. Бұл түнді қалай өткізген дұрыс? Бұл туралы Нұрлан имам көпшілікке келешек тағдырыңды реттейтін дұға туралы айтты.

kaz.zakon.kz

– Қасиетті Қадір түні барлық періштелер жерге түседі. Бірақ Қадір түнінің нақты қай түні екенін Алла біледі. Дегенмен ғалымдар Қадір түні Рамазан айының соңғы он түндігіндегі тақ күндерінің бірінде екенін айтады. Сондықтан Қадір түні кез келген тілде дұға жасауға болады. Барлық арман, мақсаттарыңызды Алладан сұрап, қол жайып тілек тілеңіздер. Бұл түн тағдыр түні, құдірет түні, Алламен сырласатын түн. Десе де пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өзі «Иә, Алла! Жаратушы ием! Сен кешірімдісің, жомартсың, кешіргенді жақсы көресің. Ендеше, мені кешірші» деген дұғаны үйреткен. Сондықтан баршамыз осы дұғаны айтсақ бұл дұға келесі жылғы тағдырыңызды реттейтін дұға, – дейді Нұрлан имам.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button