Бас тақырып
Activ, Kcell абоненттері бойынша ұялы байланыс пен интернет істемей тұр
Бүгін таңертеңнен бері қала тұрғындары ұялы байланыс пен мобильді интернетке қатысты жаппай шағымданып жатыр. Анықталғандай, өзге өңірлердің тұрғындары да осындай мәселеге тап болған.
Бұл мәселе тек Activ және Kcell абоненттеріне қатысты болып тұр.
Желі қолданушылары Activ.kz-тің Instagram-дағы парақшасына «10 минут болды, операторға қосыла алмай жатырмын», «Тарифты қымбаттатқаннан басқа ештеңе білмейсіңдер», «Тағы интернет жоқ, не үшін тарифқа ақша төлеп отырмыз», «Істемей тұрғанына 1 айдан асып барады» дегендей наразылықтарын білдіруде.
– Желі міндетті түрде қалпына келеді. Біздің мамандар ақаулар бойынша жұмыс істеуде. Қашан қалпына келетінін әзірше айта алмаймыз, – дейді Kcell компаниясының мамандары.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz