Руханият

Ғабең* қайда?  (Ержан бауырыма)

Сурет: Е.Базарбековтің жеке мұрағатынан

Сәкен кеткен…
Ахаң** да кетіп еді,
Ақселеусіз Арқа да жетім еді!
Жалғыз өзі  сол Ғабең Жаңаарқаның,
Жаһандағы сыңары секілді еді!

Сен, бауырым, солардың соңғысы ма ең,
Қайталанбас қазақи болмысымен?
Сен қаныңмен онымен бірге тусаң,
Мен жаныммен бір туғам сол кісімен!

Енді қашан Ғабеңдей  ұл туады?
Туа салып қиянға ұмтылады?
Қарағанды дейтұғын бұ шаһарда,
Ғабең тұрған үй қайда?!…
Кім тұрады?

Үңірейген орыны мұңайтады,
Хан айтатын сөзді енді құл айтады!
Қарағанды дейтұғын бұ қалада,
Ғабең айтар сөзді енді кім айтады?!

Еңіреген ерім дер ел екенбіз,
Кемел жұрттың көбінен кем екенбіз!
Енді қалған ғұмырда «Ғабең қайда?!» –
Деп өтеміз осында сен екеуміз…

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ,
халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлығының,
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері.

**Ғабдолла Құлқыбаев,
**Ақселеу Сейдімбек

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button