Абайдың хаты

Һакім Абайдың өз қолымен жазған хаты. 1997 жылы Абай мұражайының ғалымы Амантай Исин тауып алған.

Кітабына (99 дана ғана) басып, жариялаған Асан Омаров. Батыр Баян­ның Керекудегі ескерткіші ашыл­ған­да танысқан едім. «Ештен кеш жақсы» дейтін қазақтың ұрпағымыз ғой. Қабыл алыңыздар, оқып, көңілге тоқиды деп үміттенемін.

Хаттың құндылығы, оны Абай өз қолымен жазған. Араб әрпімен жа­­зылған хаттың маз­мұны мынау: «Дұғай сәлем ғизатлу уә һәм хүр­матлу Мағашқа жетіп мағлұм бол­сын-ки. Үй ішіне менен дұғай сәлем. Әлгі малды Бәкеңнен айдатып жібер. Ақылбай бірге келсін. Мұндағы істер жақсы жүріп жатыр. Шаһкәрімге сатарлық (бұл сөз түгел сызып тасталған – А.О.) һәм сәлем айтыңдаР, ол да келсін.

Ой жүгіртіп қарашы,

Мағаш бала,

Сан дегенің тоғыз-ақ

бірден сана.

Нөлді ертпесе бұлар да қысырайды,

Единица сыфат деп біл тек қана.

Көп білгенге көп надан

болады қас,

Мәужүд пенен мансұхты ол

айырмас.

Бәйтерек те күндейді көлеңкесін,

Байқап тұрсаң жұрт соған ұқ­сас. Үшбу сөзді зейін қойып оқы һәм солай істе, шырағым. Аман­дықта ағаңыз Абай. Семей. 1896-шы жыл­дың…».

Маржан терген

Мағауия СЕМБАЙ.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.