Абайда абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Абай қаласында жазғы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қала орталығындағы Ә.Молдағұлова көшесіндегі үйлердің шатыры жөнделіп, қасбеті боялып жатыр. Ал, осы көшедегі үйдің бәріне ұзақ жылдардан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
– Бірыңғай сәулет көрінісі болу үшін ақшыл және қоңырқай түс таңдалды. Жақында жұмыстар толық аяқталады. Әзірге төрт үй ғана қалды. Сонымен қатар, жалпы ауданы 34 мың шаршы метрден асатын сегіз учаскедегі аула аумақтары мен тұйық көшелерін асфальттау жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді қала әкімі Нұржан Тасмағамбетов.
Қазірдің өзінде асфальттау жұмыстары басталып кеткен. Мәселен, Шахтерская (Абай қ.), Макаров (Қызыл к.) және Степная (Вольный к.) көшесінде жұмыс қызып жатыр.
Алты көшеде тротуар жолдарын абаттандыру аяқталды.
Одан бөлек, қаланы абаттандыру жұмыстары да жүргізілуде. Осы мақсатта көктемде бес мыңнан астам ағаш егіліп, гүлзарларға 20 мыңға жуық гүл өсірілді.
Сонымен қатар, қаладағы және қала маңында рұқсат етілмеген жерге төгілген 35 мың текше метр қоқыс полигонға шығарылды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz