Шет

Ақжал кентінде көше жөнделді

Шет ауданындағы Ақжал кенті күн санап көркейіп, гүлдену үстінде. Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының қатары көбейіп, халықтың әл-ауқаты көтеріліп келеді. Абаттандыру жұмыстары да жергілікті билік барынша жергілікті билік назарына алынған.

Ақжалда төрт мыңнан аса халық тұрады. Тұрғындар санының өзі-ақ кенттің аумағының үлкендігін білдіргендей. Міне, осы кент орталығындағы Сәкен Сейфуллин көшесі мүлде тозып кеткен еді. Жүрген көліктің жүрісі кедергі келтірер ой-шұңқырлар көп-тұғын. Жақында осы мәселе біржақты шешілді. Ұзындығы бір шақырымға жуық көшенің ескі асфальт төсеніші қырып тасталып, жаңадан асфальт төселді.

Балқаштық мердігер «Тастемір» жол құрылысы кәсіпорны жұмысты бір айда бітірді. Жолдың екі жағына бордюр салынып, әктелді. Енді асфальт бетінде жолақ белгілер сызылмақшы.

Тамаша көше салып берген «Тастемірдің» темірдей жігіттері мен кәсіпорын басшысы Марат Жұмалиевке ақжалдықтар дән риза. Сөз жоқ, бұл ауданның 90 жылдығы қарсаңында жасалған игі істердің бірі болды.

Ертай ЖӘНІБЕКОВ,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button